Баян Есентаева «Ғашық жүректі» сериалға айналдырмақ

АСТАНА. 14 мамыр. ҚазАқпарат - «Ғашық жүрек» және «Ғашық жүрек - 2» фильмдерінің продюсері Баян Есентаева «Ғашық жүрек» атты сериал түсіруге кіріскенін мәлімдеді.
None
None

«Махаббат бекеті» - өте сирек түсірілетін және сәтті шыққан романтикалық фильм, осы дүниенің жалғасын түсіру ойларыңызда жоқ па?»,-деген оқырман сұрағына Баян ханым: «Жоқ, аталған фильмнің жалғасы түсірілмейді. Есесіне, «Ғашық жүрек» фильмі сериалға айналады» деп жауап берді.

Ал, оқырмандардың «Ғашық жүрек - 3» шықса, көрермендерді жалықтырып жібермей ме?» деген сауалға ол: «Ниеттес болғандарыңызға рахмет. Ал «Ғашық жүрекке» келетін болсақ, ол үшінші бөлім емес, сериал болады. Және ол өте қызық болатынына уәде беремін»,-деп қадап айтты.

Мақала «Алматы ақшамы» газетінің 12 мамыр күні шыққан санында жарияланды.

Соңғы жаңалықтар