Баян Есентаева «Қазақ аруы» байқауына кастинг жариялады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі тележүргізуші және продюсер Баян Есентаева жыл сайынғы «Қазақ аруы» байқауына кастинг жариялады.
«Жан сұлулығы мен тән сұлулығын, тәлім мен тәрбиені, білім мен біліктілікті ту еткен «Қазақ аруы» ұлттық сұлулық байқауына қатысам деуші бұрымдыларға құлаққағыс: АЛМАТЫ қаласында, қаңтар айының 24 мен 25 күндері, сағат 12:00-18:00 аралығында КАСТИНГ өткізіледі. Байқау талаптары: қазақ тілін жетік меңгерген, сымбаты мен сұлулығы келіскен, білімді, өнерлі, бойы 170 см, салмағы 53 кг-нан төмен, 16-22 жастағы, ұзын шашты ару болуы қажет. Сонымен, «Қазақ аруы-2016» кім болмақ, алтын тәжді кім кимек? Мекенжайы: Бөгенбай батыр көшесi, 134 (Абылайхан көошесiнiң қиылысы)», - деп жазылған Instagram-дағы парақшасында.
Сондай-ақ продюсер Астанада өткізілетін уақытын қосымша хабарлайтынын айтты.