Баян Есентаева қазақстандық шоу-бизнес туралы бар шындықты ортаға салады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ жанындағы Қаржылық клубта 24 желтоқсанда Баян Есентаевамен шоу бизнеске қатысты пікірсайыс кездесуі өтеді. Бұл туралы қордың сайтында хабарланған.
«Кездесуге кәсіпкерлер, продюсерлер, қызметі шоу бизнес, ТВ, киномен байланыстылардың бәрі, осы туралы білгісі келетіндер шақырылады. Кездесуді клубтың негізін қалаушы, журналист Софи Баеш жүргізеді», - делінген таратылған хабарламада.
Баян Есентаева - қазақстандық продюсер, тележүргізуші, актриса, әнші, «Ғашықтар әлемі» журналының редакторы әрі тең иесі. Ол Қазақстанның беделді әйелдерінің рейтингісінде 30-орынға ие болды.