Баян Есентаева «КешYOU» тобы туралы комедия түсірмек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал тележүргізуші және продюсер Баян Есентаева Қазақстан эстрадасындағы танымал топтардың бірі - «КешYOU» туралы фильм түсіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазған.

Баян Есентаева «КешYOU» тобы туралы комедия түсірмек

«Біз «КешYOU» тобы туралы кино түсіреміз! Бұл көпшіліктің сүйікті тобы туралы романтикалық комедия болады! Елдің барлық кинотеатрларынан күтіңіздер», - дейді ол белгілі режиссер әрі әріптесі Асқар Ұзақбаев бейнеленген суретке жазған пікірінде. Бұл Б.Есентаева мен А.Ұзақбаевтың бірлесе қолға алған бірінші жобалары емес. Мәселен, 2010 жылы отандық экранға «Ғашық жүрек» фильмі шыққан болатын. Режиссер сонымен бірге «Вузерлер» атты телехикаясымен танылды. Ал Баян Есентаева «КешYOU» және «Лашын» топтарының продюсері.

Айта кетейік, «КешYOU» тобы «Астана жұлдызы» музыкалық сыйлығының нұсқасы бойынша соңғы екі жыл қатарынан отандық эстрадағы үздік әйелдер ұжымы ретінде мойындалды.