Баян Есентаева күйеуіне кешірім жасау туралы сұраққа жауап бере алмады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал тележүргізуші және продюсер Баян Есентаева қазақстандық журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында 22 жыл отасқан күйеуіне балалары үшін кешірім жасау туралы сұраққа жауап бере алмады.

 Баян Есентаева күйеуіне кешірім жасау туралы сұраққа жауап бере алмады

«Мен қазір шешім қабылдайтын жағдайда емеспін. Менің бойымды қорқыныш билеп алғанын басында айттым. Сенімен осылай жақын адамың істеген болса, танымайтын адамдардан не күтуге болады?! Мен өте қатты қорқамын (...) Мүмкін бір кездері... Пышақты алып, адамның өмірін қиюға ешкімнің де құқығы жоқ, тек Құдайдың билігі. Адамның ең жаман қылығы - пышақты алып, өзге адамды өлтіру шығар. Мүмкін экранның ар жағында отырған адамдар бұған мені лайық деп айтатын шығар, солай-ақ болсын», - деді Б.Есентаева.

«Мен бір сөзді оқығаным бар: «егер сен қандай шешім жасауды білмесең, заңмен істе». Мен өзімнің тергеуде айтқан жауабымның барлығын мен әсірелеген емеспін. Мен осы екі сағатта не болды, соны айттым. Қазір мен соттың шешім шығарғанын қалаймын.  Мен тағы айтқым келеді, менің өмірімді ешкім сүрмейді: ол да емес, менің балаларым да емес, қоғам да емес, ешкім. Бұл менің өмірім, Құдай қалай берді, сондай өмірім бар. Меніңше оның тағдыры істеген ісі үшін заңмен шешілуі тиіс», - деп атап өтті ол.

Еске салсақ, 10 маусымда Б.Есентаева ми жарақаты, мұрны сынып, пышақ жарақаттарымен Талғар ауруханасына жеткізілген. Кейін анықталғандай, оны жұбайы Бақытбек Есентаев жанжал барысында жарақаттағаны анықталды. Ол Талғар АІІБ-ге жеткізілді, кейіннен УҰИ-ға қамауға алынды. Тұтқындау мерзімі 10 қыркүйекке дейін ұзартылды.