17:36, 05 Желтоқсан 2016 | GMT +5
Баян Есентаева жаңа сериал түсіріп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал продюсер, өз өмірі жайлы кітап жазып жатқанын мәлімдеген Баян Есентаева бүгін кезекті жобасының түсірілімін бастады. 6 бөлімнен тұратын «Қазақ аруы» телесериалы сұлулық пен әсемдікті, өнер мен дарынды бейнелейтін жаңа туынды болмақ.

«Қазақ аруының» басты рөліне продюсер елге таныла қоймаған жаңа бейне іздеп, кастинг жариялаған еді. Шығармашылық топ 16 жасар Гүлзада Тұрлашты басты рөлге лайық деп тапты. Ол ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде оқиды.
«Қазақ аруы» байқауы 2010 жылдан бері өткізіліп келеді. Идея авторы - Баян Есентаева. Бұл жобаның «Қазақстан аруы» байқауынан ерекшелігі - тек қазақ қыздары қатысады және олар ұлттық таным, салт-дәстүр бойынша сынға түседі.
Тарелочку разбили! #казакаруы #есентайпродакшн #сериал
Соңғы жаңалықтар