00:53, 04 Сәуір 2016 | GMT +5
Баян Есентаева Жарқынай Ханайымның әнін одан асырып орындаған адамға 100 мың теңге бермек
АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал қазақстандық продюсер Баян Есентаева өзінің Инстаграмдағы парақшасында тағы да музыкалық конкурс жариялады. Бұл жолы ол Жарқынай Ханайымның әнін одан асырып орындаған адамға 100 мың теңге бермек.

«#Жарқынайданасырыпайт атты конкурс жариялаймын. Осы әнді орындаған өз нұсқаларыңызды жолдаңыздар да, 100000 теңге сыйақы ұтып алыңыз! Оған қоса Жарқынай екеуімізбен бірге кешкі ас ішуге мүмкіндік аласыздар. Конкурс нәтижесін 10 күннен кейін жариялаймын», - деп жазды Б.Есентаева әлеуметтік желіде.
Айта кетейік, бірер күн бұрын продюсер Жарқынай Ханайымның бейнебаянын таныстырған болатын.