Баян Есентаеваның қызы сынға ілікті - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желі қолданушылары Баян Есентаеваның қызының ағылшыншасы мен қазақшасын сынға алды, деп жазады baistars.kz.

Баян Есентаеваның қызы сынға ілікті - ВИДЕО

Баян Есентаева өзінің Instagram-дағы парақшасында тез арада бір құжатты жеткізуге көмектесу туралы жұртқа өтінішін білдірген болатын. Кейіннен қызының сол мәселе бойынша телефонмен ағылшынша сөйлесіп жатқан видеосын салды.

Артынша жұрт: «Қазақша сөйлесіп жатқанын салмас едіңіз, ағылшынша сөйлегені мақтаныш па? Қазақшаны осылай сөйлей ала ма?» - деген пікірлер жаза бастаған. Осыдан кейін Баян қызының қазақша да жақсы сөйлей алатынын дәлелдеу мақсатында Айсауленің сын айтқан адамдарға қазақша жауап берген видеосын да жүктеді. Дегенмен бірі мақтап жатса, енді бірі «қазақша сөйлей алмайды, сөздері жаттанды» деп, қазақшасын да біраз талқыға салып үлгерді.