Баян Есентаеваның жаңа сериалында басты рөлді «Қазақ аруы-2014» додасының жеңімпазы ойнайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал тележүргізуші, продюсер, әртіс Баян Есентаеваның 2014 жылдың күзінде «Махаббатым жүрегімде» атты көпбөлімді фильмі көрерменге жол тартады, деп жазады Kazpravda.kz әртістің Instagram парақшасына сілтемемен.
Баян Есентаева Instagram-дағы жазбасында түсірілім барысындағы болып жатқан жайлардан сыр бөлісті.
«Махаббатым жүрегімде» сериалын «Хабар» телеарнасынан көрсетпек. Басты рөлдерде «Қазақ аруы-2014» сынының жеңімпазы Гүлнәз Жоланова мен бұрын модель ретінде танылып үлгерген Тауекел Мусилим ойнайды.
Фильмнің режиссері - Аскар Ұзабаев, бұған дейін ол «Абайлаңыз, сиыр» фильмін түсірген.