Баян Мақсатқызы Алакөзовтің тегін алатын болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі қазақстандық продюссер Баян Мақсатқызы берген сұхбатында оған шынымен болашақ жарының тегі ұнайтынын, оның тегін қабылдауды ойлап жүргенін, сондай-ақ Тұрсынғали Алакөзовтің ұсынысын қабыл алып, онымен некеге отыруға келіскенін айтты.
«Информбюро» эфирінде Баян Мақсатқызы өзінің жеке өмірі жайлы хабарлады.
Баянның айтуынша, Тұрсынғали Алакөзовпен той осы жылы сәуірде болмақ, неке жүзігін сатып алып та қойған. Ол Тұрсынғалимен өткен жылы наурызда танысқан. Есентаевпен некеде тұрғанына қарамастан, мамырда оған ғашық болып қалғанын түсінген. Ал маусымда оның өмірінде сол жантүршігерлік оқиға орын алды. «Біз екі отбасын бұзғанымызды жақсы түсінемін. Бұл өте ауыр жағдай. Бізге де оңай емес. Бақыт жайлы айту әзірге ертерек. Тек сүйетінімді, сүйікті екенімді білемін», - деген ойын білдірді теле жүргізуші.
Балалар жайлы, ол оның қыздары мен Тұрсынғалидің балалары бір-бірімен араласпайтынын айтты. «Өкінішке орай, жағдай осылай болып тұр. Мұндай күрделі отбасылық жағдайда бұл уақытша құбылыс деп ойлаймын. Келешекте нәрестелі болу жайлы айтар болсам, ол бір Алланың құзырында, егер болып жатса, бұдан асқан бақыт бар ма?!» - деп атап өтті Баян.