Баян Мақсатқызы Есентаевты неге кешіргендігін айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Баян Мақсатқызы өзінің аяусыз соққыға жыққан бұрынғы күйеуін неге кешіргендігін айтты.
None
None

«Мен оны кешірдім, бұл менің шешімім. Мен ол сәттерден өтіп кеттім және менің өмірім жалғасуда. Менің балаларымның әкесі бар, мен болсам өз бақытымды іздеймін...» деп жазды ол өзінің Instagram. парақшасында.

Айта кетейік, мұндай шешімді бүгін сотта Баянның адвокаты Марат Асқарбеков жария етті.

«Баян күйеуін кешірді. Меніңше, бұл дұрыс шешім. Мұндай қадамға кез келген әйел адам бара алмайды. Әрине, Баянға бұның барлығы оңай болмағандығын түсінеміз, ол бірінші кезекте өзінің балаларын ойлады»,-деді ол Талдықорған қаласында жабық режимде өткен сот отырысының қорытындысын сөз ете келе.

Бүгін Баян Мақсатқызы сотқа келген жоқ. Сот отырысы ертең, 20-қазан күні де жалғасады. Кеше сотта Баянды оның қызы Айсәуле мен бауыры Бағым Мұхитденова қолдады.

Соңғы жаңалықтар