Баян Мақсатқызы «Қазақ Аруы2017» байқауына кастинг жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал продюсер Баян Мақсатқызы «Қазақ Аруы2017» байқауына кастинг жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Баян Мақсатқызы «Қазақ Аруы2017» байқауына кастинг жариялады

«Сүйкімді, ақылды, дарынды қыздар! Егер Сіздер қазақ тілін жетік меңгерген болсаңыздар, халқымыздың тарихын, мәдениетін және бүгінін білсеңіздер, шығармашыл жан болсаңыздар, онда 3-4 ақпан күні сағат 12:00-ден 18:00-ге дейін Сіздерді «Қазақ Аруы-2017» байқауының кастингісіне шақырамыз! Мекенжай: Алматы қаласы, Сәтпаев көшесі 27А, «The John's pub» ғимараты», - деп жазды жұлдыз өзінің Инстаграмм парақшасында.

Оның сөзіне қарағанда, талаптар барлығына мынадай: үміткерлердің бойы 170 сантиметрден асуы тиіс, ал салмағы 53 келіден аспауы шарт. Жас аралығы - 16-22.

«Сонымен, сұлылықтың, ақылдың және таланттың мерекесінде жүздескенше!», - деп түйді сөзін ол.