Баян-Өлгейде 1000 бала бір мезетте күй тартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Моңғолиядағы этникалық қазақтар көп мекендеген Баян-Өлгей аймағында Наурыз мерекесіне орай мың бүлдіршін бір мезетте қазақ күйін күмбірлетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Баян-Өлгейде 1000 бала бір мезетте күй тартты


null
Видеоны әлеуметтік желіге жүктеген Нұрбол Қанағат  шара дәл бүгін, дәл қазір өтіп жатыр дейді. «Бай-Өлкеде Наурыз мерекесіне орай 1000 бүлдіршін күй тартты. Бүгін аймақта аздап қар жауды. Қазақы барлық дәстүр шара бойынша өтіп жатыр»,-дейді видео авторы.

null  

Айта кетейік, Моңғолияның Баян-Өлгей аймағы 1940 жылы құрылған. Аймақ орталығы - Өлгий, қазір бұл өңірде 91 мыңнан аса халық тұрады және сол халықтың 93 пайызы - қазақтар.

Дьявол носит Prada 2
Ұқсас жаңалықтар

233 млн доллар: «Дьявол носит Prada 2» фильмі әлемдік прокатта бірінші орынға шықты