Баянауыл көлдерін балдырдан тазарту үшін 50 мыңға жуық ақ амур жіберіледі

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Павлодар облысындағы Ертіс өзені мен Баянауылдағы көлдерді балықтандыру үшін биыл 100 млн теңге қарастырылып отыр. Оның аясында Сабындыкөл мен Торайғыр көлдеріне 48,6 мың ақ амур балығы жіберіледі деп жоспарланған.

Баянауыл, горы, озеро, тау, көл, табиғат
Фото: Kazinform

Павлодар облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биоәртүрлілік пен балық ресурстарын қорғау жөніндегі шараларды күшейту қажеттігіне қатысты айтылған тапсырмасын орындау мақсатында кешенді бағдарлама белсенді түрде іске асырылып жатыр. Соңғы жылдары балық аулау көлемі едәуір өскен.

- 2021 жылдан бастап өңірдің су айдындарына 22,6 мың балық отырғызу материалдары шығарылды. 2024 жылға арналған жоспарлар бағдарламаның айтарлықтай кеңеюіне әсер етпекші. Соның ішінде Баянауыл ауданындағы көлдер мен Ертіс өзеніне құятын өзендерді 100 млн теңгеге балықтандыру жоспарланған. Бұл іс-шаралар аясында тұқы тұқымдасының 85 мыңнан астам балығы шығарылады. Мәселен Торайғыр көліне 10 мың ақ амур, Сабындыкөлге 38,6 мың ақ амур, сондай-ақ Талинка су қоймасына 2,3 мың тұқы жіберіледі,-деп хабарлады өңірлік жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасынан.

Бұл шаралар балық ресурстарын қалпына келтіруге ғана емес, сонымен қатар су нысандарының экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған. Ақ амур табиғи мелиоратор ретінде су айдындарындағы балдыр мен қамысты азайтуға көмектеседі. Әрі судың сапасын жақсартуға, жергілікті экожүйелерді сақтауға сеп болады.

Еске сала кетейік, Павлодар полицейлері заңсыз ауланған 15 тоннадан астам балықты тәркіледі.