Баянауыл ормандарында алғаш рет құну көзге түсті
ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде ерекше ғылыми жаңалық тіркелді. Фотомониторинг барысында Ертіс-Баян өңіріндегі жануарлар дүниесіне тән емес сирек жыртқыш – құну (Gulo gulo) фототұзаққа түскен.
Ғылыми деректерге сүйенсек, Қазақстанда құнудың негізгі таралу аймағы Оңтүстік Алтайдың таулы-тайгалы өңірлерін қамтиды. Дегенмен бұл жыртқыштың негізгі мекенінен алыс аумақтарда кездескен тарихи деректері де бар. Атап айтқанда:
-1932 жылы – Бурабай ормандарында (қазіргі Ақмола облысы);
- 1948–1949 жылдары – Шағалалы көлі маңында (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы).
Баянауыл ұлттық паркінен хабарлағандай, бұл – Павлодар облысында құнудың алғаш рет тіркелуі.
Ғалымдар мұндай жағдайларды жекелеген жануарлардың алыс қашықтыққа орын ауыстыруымен байланыстырады.
Еске сала кетейік, Баянауылда әуеден барлау кезінде арқарлар бейнекамераға түсіп қалды.