Баянауылда суға батып бара жатқан мектеп оқушысы құтқарылды

суға батты
Фото: Pixabay

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Оқиға Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағында, «Жасыбай» демалыс аймағында болған. Жасөспірімді құтқарушылар судан аман-есен алып шықты.

«11-сынып оқушысы демалыс аймағындағы жағажайға ата-анасымен бірге қыдырып келген. Көлде шомылып жүріп, суға бата бастаған. Төтенше жағдайлар департаменті жедел құтқару жасағы кезекшілік атқарған жерден бірден екі құтқарушы жұмылдырылды. Екеуі жасөспірімді судан аман шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті», деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодарда екі жігіт суға батып кеткен еді. 

Соңғы жаңалықтар