Баянауылда жер астына түсіп кеткен автобус: Екі адамның денесі табылды

Қаза тапқан екі адамның денесі табылды. Ақпаратты кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің республикалық орталық штабы растады. Опырылып түскен автобус әлі табылған жоқ, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

майқайың
Фото: pavlodarnews.kz

Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. 

«ТЖД құтқарушылары қаза тапқан екі адамның денесін құмнан тапты. Оларды жер бетіне көтеру жұмыстары жүргізілуде. Автобус табылған жоқ, оны іздеп жатырмыз» деп түсіндірді кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің республикалық орталық штабынан.

Орталық штаб қаза болғандардың отбасына көңіл айтып, бүкіл қажетті қолдауды көрсетуге уәде берді.

Еске салда кетсек, бүгін түнде Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы «Майқайың-алтын» АҚ шахтасының жанында топырақ опырылды.

Салдарынан ішінде 4 жолаушы бар автобус ойыққа құлап кетті.  

Соңғы жаңалықтар