Баянауыл табиғи паркінде туристер үшін жаңа маршруттар ашылып, этноауылдарда демалыстар ұсынылатын болады

ПАВЛОДАР. 13 ақпан. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы Баянауыл ұлттық табиғи паркінде жаңа туристік маршруттар ашылады.

Баянауыл табиғи паркінде туристер үшін жаңа маршруттар ашылып, этноауылдарда демалыстар ұсынылатын болады

Бұл Баянауыл күре жолы - Аулие бұлақ шатқалы - Сарыөлең ауылы мен Жасыбай көліне баратын жаңа жаяу жүргіншілер жолы - Ескелді учаскесі, М. Көпеев атындағы мемориалды мұражай. 

Мәдениет басқармасынан хабарлағандай, биылғы жазда Баянауыл паркінің туристеріне Торайғыр, Әулиетас және Кемпіртас этнографиялық ауылдарында демалыстар ұсынылатын болады. Оларда дәстүрлі қазақ тағамдары әзірленетін болады.

Өзінің әсем тибиғатымен танымал Баянауыл паркінің туристік базасында, демалу үйлері мен балаларды сауықтыру лагерьлерінде жыл сайын 150 мыңнан астам адам демалады.