Баянауыл тауларында республика оқушыларының командалары жаяу туризм техникасы бойынша сайысқа түсті

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Баянауыл ұлттық саябағында оқушылардың жаяу туризм бойынша республикалық сайыстары аяқталды.
None
None

Баянауылға республиканың барлық облыстарының командалары келді. «Сексен бала жеңіске деген талпыныстарын көрсетті, төрт күн бойы бәсекеге түсіп, «кросс-саяхаттар» жасады», - дейді бас төреші Татьяна Повстьян.

Павлодар облысының командасы былтырғы жылдай өздеріне сенімді болып, алғашқы орынды жеңіп алды.

Оқушы-туристердің бәйгесін ұйымдастырған ҚР Білім және ғылым министрлігі Республикалық қосымша білім берудің оқу-әдістемелік орталығы.

Соңғы жаңалықтар