Баянауыл ұлттық паркінде туристер қауіпсіздігі қалай қорғалады

БАЯНАУЫЛ. ҚазАқпарат - Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне келушілердің қауіпсіздігіне қатысты мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Баянауыл ұлттық паркінде туристер қауіпсіздігі қалай қорғалады

30 маусымдағы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрінің протоколына сәйкес, ұлттық парктер аумағына келушілердің қауіпсіздігі туралы, ұлттық парктің қызметкерлері мен Баянауыл ауданының төтенше жағдайлар қызметкерлерінің 19 мен 21 шілде аралығында хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында аумақты тексеру және аумақтағы орындардың ықтимал қауіптілігін анықтау үшін туристік маршруттарды түгендеп, тексерді.

Тексеру нәтижесі бойынша экскурсиялық маршруттарда қауіпті орындар жоқ екендігін анықталды.

Бақылау өткізу бекеттерінде туристік маршруттардың картасы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтын ережелері, буклет түріндегі үлестірмелер, туристерге арналған жадынамасы бар хабарландыру тақталары орнатылды.

Баянауыл ұлттық паркіне кіретін кезде турист міндетті түрде тіркеуден өтеді, қауіпсіздік техникасымен және ЕҚТА-ға бару ережелерімен танысады және гид-жолсеріктің сүйемелдеуімен маршруттар бойынша жіберіледі.

Туризм бөлімінің мамандары қауіпсіздік техникасы мен ЕҚТА-ға бару ережелері бойынша, қосымша үлестірме материалдар, туристерге арналған қауіпсіздік жөніндегі жадынамалар әзірледі.

31 шілде ұлттық парк қызметкерлері полиция қызметкерлерімен және еріктілермен бірлесіп санитарлық нормаларды сақтау бойынша рейд өткізді.

Рейд барысында ҚР ӘҚБтК 372-бабы 4-бөлігі бойынша 2 әкімшілік хаттама толтырылды. Жалпы сомасы 58,4 мың теңге айыппұл салынды.

Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар өкілдерімен, еріктілердің және жанашыр келушілердің қатысуымен «Бірге Таза Қазақстан»экологиялық акциясы өткізілді. Барлығы 75 адам қатысты.

Жасыбай, Сабындыкөл, Торайғыр және Біржанкөл көлінің жағалау аумағында қоқыс пен тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстары жүргізілді.

Акция қорытындысы бойынша 1,4 тонна қоқыс жиналды, белсенді қатысушыларға естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді.

Тамыз айына аумақты жинау бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.