Баянауылда шаңғы базасы бар, қар жоқ
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Қар аз жаууына байланысты Баянауылдың Мырзашоқы тауындағы шаңғы базасында қиындықтар туып жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Облыс әкімнің баспасөз хатшысы Азамат Бәйтеновтың айтуынша, болашақ шаңғы базасындағы барлық жұмыстар ойдағыдай жүгізілген, тек шаңғы жолына қажетті мөлшерде қар жоқ.
«Жұмыс әу бастан қиындық туғызды. Тауға бетон тіреуіштерді орнату, бетон араластырғыш құрылғыны биікке шығару оңай болған жоқ. Қазір мәселенің бәрі өз кезегімен шешіліп келеді. Шаңғы жолы 2018 жылдың бірінші тоқсанында пайдалануға беріледі деп жоспарланған», - дейді Азамат Бәйтенов.
Баянауыл ауданының әкімі Оразгелді Қайыргелдиновтың айтуынша, өңірде биыл қар тым аз жауған.