Баянауылдағы өрт: Болат Бақауов тікұшақтан түсірілген видеоны жариялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Баянауыл ұлттық паркіндегі алапат өрттің тікұшақтан түсірілген видеосын Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кеше Баянауылда өрт шыққандығы туралы хабар келді. Күндіз өрт сөндіру штабын жасақтап, кешке Ұлттық саябақ территорясында болдым. Салқын жел мен таулы аймақ жағдайы өрт сөндіру жұмыстарына өз кедергілерін келтірсе де, таңертең тілсіз жау толығымен ауыздықталды» деп жазды әкім.

Облыс басшысы келтірген мәліметке сай, қазіргі сәтте ауыл халқы мен олардың шаруашылығына тиер қауіп жоқ.⠀

Айта кетейік, бұған дейін Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов пен облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ернұр Өтегенов өрт шыққан орынға мониторинг жүргізу мақсатында ҚР ТЖК «Қазавиақұтқару» қызметінің МИ-171 бортымен аралап шыққанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар