Байбек алматылық жастармен кездесті
Кездесу барысында қала жастарын толғандыратын мәселелер талқыланды. Алматылық жас буын қазақ тілінің латын әрпіне көшуін қолдайтынын жеткізді. Сонымен қатар, қала басшысы «Дүйсенбілік футбол-2017» жобасына қатысушылармен кездесті. Жаңа орталық атлеттер ауылының аумағына орналасқан. Алматы әкімі коворкинг орталығының,шығармашылық шеберханасының, жастардың жұмысқа орналасуына, кәсіпке бейімделуіне, жастар арасында кәсіпкерлікті дамытуға қызмет көрсететін орталық қызметін көрді.
«Барлық қызмет түрі, шеберлік сыныптары, семинар-тренингтер тегін көрсетіледі және барлық клубтарға ақысыз кіруге болады. Тіпті, ағылшын тілі мен компьютерлік сауат ашу курстары да тегін жүргізіледі. Тек Алатау ауданының ғана емес, Алматы қаласының жастары да орталықтың қызметін пайдалана алады», - деді қала студенттері Альянсының басшысы Сандуғаш Сандыбаева.