Байбек: Қазақстанның ЖІӨ-нің бестен бірі Алматының еншісінде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатын өткізген Алматының әкімі Бауыржан Байбек қаланың экономикалық әлемуттік-экономикалық дамуы көрсеткіштері туралы айтып берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

«Жалпы қаланың экономикалық көрсеткіштері, әсіресе ағымдағы жылдағы жаһандық экономикалық мәселелерді ескерсек, оң нәтиже көрсетіп отыр. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қаланың ЖІӨ 4 пайызға артып, 4,4 триллион теңгені құрады. Бүгінгі таңда Алматы шаһарына республиканың ЖІӨ-нің бестен бір бөлігі тиесілі. Нақтырақ айтқанда, мемлекетіміздегі халықтың 10 пайыздан астамы тұратын Алматы қаласы ЖІӨ-нің 22,6 пайызын, барлық салық түсімдерінің төрттен бірінен астамын қамтамасыз етіп отыр», - дейді Алматы әкімі.

Бауыржан Байбек сонымен бірге, Мемлекет басшысының Алматыға сапары кезінде қандай тапсырмалар берілгенін жеткізді.

«Бүгінгі таңда Алматы - ірі өңірлік магнит. Қыркүйек айында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Алматыға арнайы келіп, қаламыздағы бірқатар өзгерістер мен жаңа әлеуметтік нысандармен, жаңарған көшелермен танысып, бағасын беріп кеткен болатын. Алматыны дамыту бойынша Мемлекет басшысы кеңес өткізіп, көптен бері шешілмей келе жатқан Үлкен Алматы айналма жолының құрылысына кірісу, Алматы әуежайын жаңғырту, ТЕЦ-2-ні газға көшіру бойынша бірқатар тапсырмалар беріп кетті. Алматы Бас жоспары институтын құру туралы тапсырманы орындап та қойдық», - дейді қала әкімі.

Оның айтуынша, мегаополисте биылғы жылы барлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика қалыптасқан, негізгі капитал инвестициясы 12,8 пайызға өсіп, 400,5 млрд теңгеге жеткенін айтып берді. Бұл тұрғыда сыртқы инвестициялар 23,5 пайызға артқан.

Соңғы жаңалықтар