Байбек пен Мұхамедиұлы Алматыдағы Елбасы кітапханасының көшпелі жобасын тамашалады
Келушілер назарына кітапхананың архив, кітап, музей қорының сирек жәдігерлері, Елбасының жоғары мемлекеттік марапаттары, Құрандар коллекциясы, өзге мемлекет басшыларының қолтаңбасымен кітаптар, Н.Назарбаевтың шет тіліндегі кітаптары қойылды.
Астанадағы Елбасы музейінен 800 түпнұсқа қолжазба, сурет, жеке заттары әкелінді.
«Алматы Мемлекет басшысының тұлғасымен тікелей байланысты қала. Мұнда Қазақстан тәуелсіз мемлекет болып жарияланды, Конституция қабылданды, Мемлекеттік рәміздер бекітілді, Ұлттық валюта енгізілді. Сондай-ақ, қазақстан Президентінің тұңғыш сайлауы, алғашқы ұлықтау рәсімі өтті. Сондықтан, Елбасы күні қарсаңында мұндай ауқымды шараның өтуі - алматылықтар үшін үлкен мәртебе», - деді Бауыржан Байбек.
Көшпелі көрме Алматыда 2 айдай тұрады. Кейін көрме Қарағанды мен Шымкент қалаларына кетеді.
Сонымен қатар, Мәдениет министрі мен қала әкімі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел дамуындағы рөлі жайлы өтетін ғылыми практикалық конференция жұмысына қатысады.