18:12, 24 Ақпан 2017 | GMT +5
Байдалы ауылында көлік қозғалысы қалпына келтірілді - Ақмола облысы
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Аршалы ауданындағы Байдалы ауылында көлік қозғалысы қалпына келтірілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыстық ішік саясат басқармасына сілтеме жасап.

Аудан әкімі баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың 19-21 ақпаны аралығында қатты боранның салдарынан Байдалы аулына баратын жол жабылып, балалар уақытша мектепке бара алмады. Боранның салдарынан қолда бар техника істен шығып, қар тазалау жұмыстарын одан әрі қиындатып жіберді.
Қазіргі кезде, «ТНС-Агро» ЖШС К-700 техникасы жөнделіп, қар тазалау жұмыстары одан әрі жалғасуда.
Байдалы аулында тұратын 21 бала Бірсуат орта мектебінде оқыса, 5 бала шағын орталыққа барады. Оқушылар мектеп автобусымен тасымалданады.