Байден әлде Трамп – америкалықтар кімге көбірек сенім артады

Байден әлде Трамп – америкалықтар кімге көбірек сенім артады
Фото: bbc.com

АСТАНА. KAZINFORM - ABC News/Ipsos жүргізген сауалнамаға сәйкес, америкалықтардың басым көпшілігі АҚШ президенті Джо Байденді тағы бір президенттік мерзімге қалуы үшін тым кәрі деп санайды, деп хабарлайды ABC News. 

Америкалық азаматтардың 86%-ы білдірген пікір бойынша, 81 жастағы Джо Байден екінші мерзімге президент болу үшін тым кәрі. Сауалнамаға қатысқандардың 62%-ы 77 жастағы бұрынғы президент Дональд Трампқа қатысты осындай пікір қалдырды.

Екі кандидат жақтастарының пікірлері қызығушылық тудырады: демократтардың 73%-ы Джо Байденді тым кәрі деп санайды, бірақ республикашылдардың 35%-ы ғана Дональд Трамптың ең жоғары лауазымды атқаруға жасы жетпейді деген пікір білдірген. Ал тәуелсіз сұралғандардің пікірі ең кесімді болды: Джо Байденді тым кәрі деп есептейтін тәуелсіз респонденттер 91% болса, Дональд Трампқа мұндай пікір айтқандар 71% болды.

Жаңа сауалнама арнайы прокурор Роберт Гурдың өткен аптада жарияланған баяндамасынан кейін жүргізілген. Р.Гур өз баяндамасында Джо Байденге оның психикалық денсаулығына қатысты күмәнға байланысты кеңседе болмаған кезде құпия құжаттарды дұрыс пайдаланбағаны үшін айып тақпауын ұсынды.

Вице-президент Камала Харрис баяндаманы «саяси астары бар» деп атады. Сауалнамаға сәйкес, америкалықтар Дональд Трамп (44%) Джо Байденге қарағанда (26%) иммиграция мен Мексика шекарасындағы жағдайды жақсырақ шешетініне сенімді.

Америкалық азаматтардың көбі сондай-ақ Джо Байденге қарағанда елдегі қылмыспен күрес (41%-28%), экономика (43%-31%) және инфляция (41%-31%) мәселелерін шешуде Днальд Трампқа көбірек сенім білдіріп отыр.

Басқа негізгі мәселелер бойынша Джо Байден түсік жасату (37%-28%), денсаулық сақтау (38%-28%) және климаттың өзгеруі (39%-22%) бойынша мәселелерді шешуде Дональд Трамптан басым болып отыр.

ABC News/Ipsos сауалнамасы 9-10 ақпан күндері ағылшын және испан тілдерінде 528 АҚШ ересектерінің кездейсоқ ұлттық таңдауы арасында жүргізілді.

Соңғы жаңалықтар