Байден федералды айыптар бойынша өлім жазасына кесілгендерге рақымшылық жасады
АСТАНА. KAZINFORM – Дональд Трамп қаңтарда президенттік қызметіне кіріскенде бұл шешімінің күшін жоя алмайды, деп хабарлайды ВВС.
Президент Байден федералды заңдар бойынша сотталып, өлім жазасына кесілген қырық тұтқынның басым көпшілігінің жазасын жеңілдетті.
Олар енді өмір бойы түрмеде отырады, бірақ мерзімінен бұрын босату құқығы берілмейді. Дональд Трамп қаңтар айында қызметіне кіріскенде бұл шешімнің күшін жоя алмайды.
– Мен қоғамдық қорғаушы, Сенаттың Сот-құқықтық комитетінің төрағасы, вице-президент және қазір президент ретіндегі ар-ожданым мен тәжірибемді есепке ала отырып, федералды деңгейде өлім жазасын қолдануды тоқтатуымыз керек екеніне сенімдімін, – деді Байден.
Өлім жазасына қарсы болғандар жаңадан сайланған президент Дональд Трамп бұл жазаны қолдайтынын айтуда. Ол 45-ші президент болып сайланған сәтте шамамен жиырма жылға жуық үзілістен кейін федералды өлім жазасын қайта қолдана батағанын, ел басқарып тұрған кезде 6 айда 13 өлім жазасы орындалғанын еске салды.
Байденнің рақымшылығына үш федералды өлім жазасына кесілген сотталушылардан басқасының бәрі ілікті. Олардың арасында 2013 жылы Бостон марафонында жарылыс ұйымдастарған Джохар Царнаев, 2015 жылы Чарльстонда тоғыз қара нәсілді азаматты атып өлтірген Дилан Руф және 2018 жылы Питтсбургта синагогаға шабуыл жасап, 11 табынушыны өлтірген Роберт Бауэрс бар.
Айта кетейік, Байден президент кезінде штаттарда 70-тен астам өлім жазасын орындалған.
Президенттер әдетте қызмет мерзімінің соңында кешірім жасайды, ал демократтар Байденді мүмкіндігі болған кезде бұл өкілеттіктерді кеңінен пайдалануға шақырды.
Байден екі қылмыстық іс бойынша сотталған және үкімді күтіп отырған ұлы Хантерге де рақымшылық жасаған болатын.
Сондай-ақ, бұған дейін Байденнің 39 адамға рақымшылық жасап, 1500-ге жуық сотталушының жазасын жеңілдеткенін жазған едік.