Байден Израиль мен ХАМАС келісімге келгенін мәлімдеді

АСТАНА. KAZINFORM – Президент Джо Байден Израиль мен ХАМАС атысты тоқтату және кепілге алынғандарды босату туралы келісімге келгенін мәлімдеді.

Байден
Фото: President Biden / X

- Бүгін АҚШ-тың, сондай-ақ Мысыр мен Қатардың бірнеше айға созылған қарқынды дипломатиясынан кейін Израиль мен ХАМАС атысты тоқтату және кепілге алынғандарды босату туралы келісімге келді. Бұл келісім Газадағы шайқастарды тоқтатуға, палестиналық бейбіт тұрғындарға өте қажет гуманитарлық көмекті арттыруға және 15 айдан астам тұтқында болғаннан кейін кепілге алынғандарды отбасыларымен қайта біріктіруге мүмкіндік береді, - деді Байден Ақ үйдің жазбаша мәлімдемесінде.

АҚШ президентінің атап өтуінше, бұл жоспар 2024 жылдың 31 мамырында белгілеген және оны БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі бірауыздан мақұлдаған. Бұл ХАМАС-қа жасалған орасан зор қысымның ғана емес, сонымен бірге америкалық дипломатияның табанды және қажырлы әрекетінің нәтижесі. 

- Менің дипломатиям осы мақсатқа жету жолындағы күш-жігерін ешқашан тоқтатқан емес, - деді Байден. 

Джо Байден «соғысты тоқтатып, бейбітшілік пен қауіпсіздікті құру үшін жұмысты бастау уақыты әлдеқашан болғанын» мәлімдеді. АҚШ президенті келісім туралы толығырақ мәліметті кейінірек беруге уәде беріп, қазіргі кезде «кепілге алынғандардың отбасымен қайта қауышып отырғанына өте қуанышты» екенін айтты.

Бұған дейін Израиль мен ХАМАС Газа секторында 2023 жылдың қазан айынан бері жалғасып келе жатқан соғысты тоқтатуға келіскенін жазған болатынбыз

Соңғы жаңалықтар