Байден кезінде АҚШ-та азық-түлік бағасы 21 пайызға қымбаттады

АСТАНА. KAZINFORM – Статистикаға сүйенсек, АҚШ президенті Джо Байден билікке келгеннен бері АҚШ-та азық-түлік құны айтарлықтай өскен, деп хабарлайды Fox Business.

Азық-түлік
Фото: pixabay.com

АҚШ-тың Еңбек статистикасы бюросының мәліметінше, инфляция үш жыл бұрынғы уақытпен салыстырғанда кейбір азық-түлік тауарларының бағасын 21%-дан астамға өсірді.

Байден билікке келгеннен кейін бір майдың құны 27%-ға өсті. Осылайша, 2021 жылдың қаңтарында сары майдың бір фунты орташа есеппен 3,64 долларды құрады, бірақ 2024 жылдың ақпанында оның бағасы 4,63 долларға дейін өсті. 

Тауықтың төс етінің бағасы 26%-ға, 2021 жылдың қаңтарындағы фунтына 3,26 доллардан 2024 жылдың ақпанында бір фунт үшін 4,11 долларға дейін қымбаттады. 

Ақ нан осы жылдың ақпан айында 30%-ға қымбаттап, бір фунты 2,01 долларды құрады. 2021 жылдың қаңтарында оның бағасы 1,55 доллар еді. 

Ал ақ қанттың бір фунтының құны соңғы үш жылда 68 центтен 98 центке көтеріліп, жалпы 44 пайызға өсті.

Азық-түлік бағасы бірнеше себептерге байланысты өсуде, соның ішінде жеткізу проблемалары, ірі қара мал санының азаюы, құс тұмауының өршуі және жаһандық астық тапшылығы бар.

Соңғы жаңалықтар