Байден отбасы мүшелеріне рақымшылық жасады

АСТАНА. KAZINFORM — Байденнің туыстарына рақымшылық жасағаны Дональд Трамптың АҚШ-тың 47-ші президенті ретінде ант беруіне бірнеше минут қалғанда белгілі болды, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Джо Байден
Фото: Zuma / TASS

New York Times жариялаған ақпаратқа сай, Джо Байден отбасы мүшелері: екі ағасы Джеймс пен Фрэнсис Байден, ағасының әйелі Сара Джонс Байден, әпкесі Валери Байден Оуэнс және оның күйеуі Джон Оуэнске рақымшылық жасады.

— Менің отбасыма үнемі шабуыл мен қоқан-лоққы жасалды, бұл тек маған зиян тигізу ниетінен болды — партиялық саясаттың ең сорақы түрі. Өкінішке қарай, менде бұл шабуылдар тоқтайды деп сенуге негіз жоқ, — деп хабарлады Джо Байден өз мәлімдемесінде.

Еске түсірсек, 2020 жылы CNN арнасына берген сұхбатында Байден қызметтен кететін президент отбасы мүшелерін алдын ала кешіре алады деген идеяны сынға алған болатын. Сол кезде дәл осындай қадамға Трамп бара алады деп шамаланған.

— Мені әлемнің қалған бөлігі бізге заң мен әділеттілік елі ретінде қалай қарайтыны алаңдатады. Енді рақымшылыққа келетін болсақ, сіз біздің әкімшілікте мұндай тәсілді көрмейсіз, — деп мәлімдеді сол кезде Байден.

Трамптың сайлауалды штабының өкілі Алекс Пфайфер «X»-те атап өткеніндей, Сенаттағы Демократиялық партиясының жетекшісі Чак Шумер Трампқа қызметінен кетер алдында балаларына рақымшылық жасатпаған және алдын ала кешірім жасауды билікті асыра пайдаланумен салыстырады.

Ақ үй рақымшылық жасау туралы президент Байденнің президенттік мерзімінің аяқталуына 20 минуттан аз уақыт қалғанда, ол Капитолийден президент ретінде соңғы рет кетер алдында жариялады.

Еске сала кетсек, Байден қызметтегі соңғы күнінде тағы бес тұтқынға рақымшылық жасады. 

Соңғы жаңалықтар