Байден президенттік бәсекеден бас тартпайтынын мәлімдеді

АСТАНА. KAZINFORM – Джо Байден президенттік бәсекеден бас тартпайды, ол Ақ үй үшін күресті жалғастыруға ниетті. Оның бұл лауазымға лайықтылығы туралы партияластарының пікірі екіге бөлінді, деп хабарлайды Еuronews.

АҚШ
Фото: BBC

Джо Байден 2024 жылғы президенттік сайлауды жалғастырады. Алайда президент өткен аптада Дональд Трампқа қарсы дебатты сәтсіз өткізгеннен кейін оған деген қысым күшейе түсті.

Байденнің демократ партияластарының пікірі екіге бөлінген: олардың үштен бірі президенттің қартаюына және денсаулығына байланысты оның сайлауға қайта түсуіне қарсы.

«Мен қобалжи бастадым»,-дейді өзінің ылғи демократтарға дауыс беретінін жасырмай айтқан қыз.

«Мен Байденді президенттік сайлауға түсетін адамдардың арасындағы ең нашары деп ойламаймын. Мен кімнің үздік шығатынын білмеймін. Алайда мен Байденің жеңіп шығатынына сенімді емеспін, мені алаңдатып отырған да осы мәселе».

Сәрсенбі күні Байден 24 демократ-губернатормен кездесті. Олар президентпен әңгімеден соң оның денсаулығы жақсы екенін мәлімдеді.

«Ол президент лауазымында жұмыс істей алады. Ол бұл қызметті 3,5 жыл бойы өте қиын жағдайда атқарды. Біз өткен жолдың барлығынан өтті. Біздің ешқайсымыз да оның бейсенбі күні сөйлеген сөзінің көңілден шықпағанын жасырмаймыз. Бірақ мен оған әлі де сенемін, ол жұмыс істеп жатыр»,-деді Миннесота губернаторы Тим Вальц.

New York Times басылымының жазуынша, Байден өзінің жақтастарына партия мүшелері мен сайлаушыларға өзінің жұмыс істеуге қауқарлы екенін дәлелдеуге бірнеше күн ғана уақыты бары екенін мәлімдеді. Егер ол сенімге кіре алмаса президенттікке кандидат ретіндегі жағдайы қиындй түсуі мүмкін.