Байден президенттік сайлауда мерзімінен бұрын дауыс береді
АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ президенті Джо Байден дүйсенбі күні өтетін президенттік сайлауда мерзімінен бұрын дауыс береді.
«Бүгін таңертең президент 2024 жылғы жалпы сайлауда мерзімінен бұрын дауыс береді», - делінген Ақ үйдің жариялаған АҚШ президенті Джо Байденнің кестесінде.
Көптеген американдықтар 5 қарашадағы сайлау күніне дейін дауыс бере алады.
Байден бұған дейін сайлауға қатысудан бас тартты. Оның орнына Демократиялық партия атынан кандидат вице-президент Камала Харрис болды. Республикалық партияның кандидаты – бұрынғы президент Дональд Трамп.
The Wall Street Journal басылымының хабарлауынша, президенттік сайлауға Республикалық партиядан үміткер Дональд Трамп сайлауға екі аптадан аз уақыт қалғанда, вице-президент Камала Харристі аз ғана артықшылықпен озып келеді – 47%-ға қарсы 45%.
Бұған дейін жазғанымыздай, АҚШ-тың бұрынғы президенті, Республикалық партиядан АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамп президенттік сайлауда жеңіске жеткен жағдайда қазіргі америкалық көшбасшы Джо Байденнің ұлы Хантер Байденге рақымшылық жасаудан бас тартпайтынын айтқан.