Байден Трамптың инаугурациясына қатысатынын мәлімдеді

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ Президенті Джо Байден 2025 жылдың 20 қаңтарында өтетін жаңа сайланған Президент Дональд Трамптың инаугурациясына қатысатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Джо Байден
Фото: reuters.com

«Мен, әрине, қатысамын... Инаугурацияға қатыспаған жалғыз президент – бұл қызметке жаңадан келетін адам (Трамп)», – деді Байден 19 желтоқсанда берген сұхбатында.

Ол сондай-ақ, Трамптың 2021 жылы өзінің инаугурациясына қатыспағанын еске салып, мұны «балалық әрекет» деп атады.

Байден сөзінде: «Біздің демократиялық тәртібімізді құрметтемеуі оның мәселесі. Менің міндетім – биліктің бейбіт түрде өтуін қамтамасыз ету», – деді.

Еске сала кетейік, 2021 жылы Трамп 150 жылдық дәстүрді бұзып, Байденнің инаугурациясына қатысудан бас тартқан болатын. Бұл қадам биліктің өту кезеңін қиындатты.

Алайда, 2024 жылғы сайлаудан кейін Байден Трампты Ақ үйде қабылдап, бұл кездесудің «жылы шырайлы» өткенін мәлімдеген.

Осыған дейін Байденнің Анголаға барған АҚШ-тың алғашқы президенті ретінде тарихқа енгенін жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар