Байденнің ұлы румындық олигархтан пара алды деген күдікке ілінді

АСТАНА. KAZINFORM – Арнайы прокурор Вэнс АҚШ Президентінің ұлы Хантер Байденді румындық олигархтан 3 миллион доллар алды деп айыптады. Хантер бұл ақшаны америкалық ведомстволарға ықпал ету үшін пайдалануға уәде берген. Бұл туралы арнайы прокуратура мәлімдеді, деп жазады DW.

АҚШ Президентінің ұлы Хантер Байден
Фото: SAUL LOEB/AFP

7 тамыз, сәрсенбі күні Америка Құрама Штаттарында арнайы прокурор Дэвид Вайстың кеңсесі президент Джо Байденнің ұлы Хантер мен оның іскер серіктестерін америкалық мемлекеттік ведомстволарға ықпал ету уәдесімен румындық олигархтан 3 миллион доллар алды деп айыптады. Бұл турады Американдық ABC News медиа компаниясы хабарлаған.

Арнайы прокуратураның сотқа берген материалдарына сәйкес, румын кәсіпкері Габриэль Поповичиу 2015 жылы Хантер Байденді заңгерлік тапсырмаларды орындау үшін жалдаған. Осыдан кейін олигархқа өз елінде жемқорлық жасады деген айып тағылды.

Сот отырыстарында АҚШ президенті Байденнің ұлы Поповичиуден американдық билікке ықпал етуге уәде бергені үшін ақша алғанын растайтын дәлелдер ұсынылған. Өз кезегінде Румынияда Поповичиуға тағылған айыптар бойынша тергеу жүргізілетіні айтылды.

Хантер Байден бұған дейін 2016-2020 жылдар аралығында жалпы сомасы 1,4 миллион долларды құрайтын салық төлеуден жалтарған үш факті бойынша айыпталған болатын. Президенттің ұлы кейіннен айыппұлдармен бірге бұл соманы төледі.

Соңғы жаңалықтар