Бәйдібек ауданында батыр ана асыл тұқымды мал өсіруде

None
None
БӘЙДІБЕК. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Бәйдібек ауданына қарасты Бөген ауылында батыр ана асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытып отыр. Оңласын Құлатаева «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы арқылы Австралиядан «Абердин ангус» асыл тұқымды бұқасынан 3 бас әкеліп, қолдағы қазақы сиырларды асылдандырумен айналысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінде 70 жасқа келген зейнеткер «Қуаныш» шаруа қожалығын басқарып, 1999 жылдан бері асыл тұқымды мал басын көбейтуде. Бүгінде шаруа қожалықтың иелігінде 2700 бас асыл тұқымды қой мен 250 жылқы, 160 бас мүйізді ірі қара бар. Ол «Алтын асық», «Сыбаға» және «Агробизнес – 2020» мемлекеттік бағдарламаларына қатысып, 3 дана доңғалақты трактор мен шөп дайындауға қажетті техника алған. Қазір 15 гектар жерге жоңышқа егіп, мал азығын қамдауда. Бүгінде 6 отбасын, яғни 12 адамды жұмыспен қамтып отырған батыр ана шаруақорлықтың, тынымсыз еңбектің арқасы болар әлі де тың, әлі де ширақ.

«Жұбайым Атымтай Ерденов өмірден ерте кетті. Міне, содан бері барлық шаруаның басы-қасында өзім жүрем. Ұлым Қуаныш та қолқанат болып, шаруашылығымызға көмектесіп отырады. Дегенмен оның мемлекеттік қызметтегі жұмысынан қолы босай бермейді. Сондықтан малшыны да, шөпшіні де ақысын беріп, ауыл арасынан жалдаймыз», - дейді Оңласын Құлатаева.

Шаруа қожалық иесі сондай-ақ, жылқышыға 120 мың, сиыршыға 80 мың, қойшыға 110 мың, жеке мал дәрігеріне 80 мың, тракторшыға 80 мың айлық жалақы төлеп отырғанын айтады.

Соңғы жаңалықтар
telegram