Бәйдібек ауданында «Тәуелсіздік - мәңгі ұраным» атты шара өтті - ОҚО

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек ауданында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай айтулы шаралар өтуде. Солардың бірі - спорттық жарыстар, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

 Бәйдібек ауданында «Тәуелсіздік - мәңгі ұраным» атты шара өтті - ОҚО

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай "Ұлы дала елі - Тәуелсіздіктің 25 негізі" аясындағы «Білім» күніне орай аудандық жастар сарайында 25 жыл ұстаздық еткен ұлағатты ұстаздардың еңбегін бағалау мақсатында «Тәуелсіздік - мәңгі ұраным» атты іс-шара ұйымдастырылды.

Мерекелік шара барысында аудан әкімінің орынбасары Н.Айтбеков ұстаздарды аудан әкімі атынан құттықтап, аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады. Сонымен қатар жиында аудандық мәслихат аппаратының басшысы Т.Мақұлбеков, аудандық «Алғабас» газетінің редакторы Б.Қалаубай, аудандық білім бөлімінің бас маманы А.Арынбеков, аудандық білім бөлімінің кәсіподақ төрайымы С.Әмзеевалар сөз сөйлеп, ұстаздарды марапаттады. Сонымен қатар, аудандық спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шарада аудан әкімі Бақытбек Танакөзов аудан тұрғындарын Тәуелсіздік 25 жылдығы мерекесімен құттықтап, сала бойынша жыл үздіктерін марапаттады.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бүгінгі мерекеге арнайы қатысқан Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы Бексейітов Руслан Пернебекұлы мен Тәуелсіздік құрдастары атынан Ө.Сарыпбеков сөз алып,  аудан тұрғындарын  құттықтады. Сондай-ақ аудандық мәслихат хатшысы М.Нақыпбеков бір топ азаматтарды облыстық және аудандық мәслихаттың алғыс хатымен марапаттады.

Мереке соңы концерттік бағдарламамен жалғасты.