Бәйдібек ауданының тұрғындарына медициналық сақтандырудың жолдары түсіндірілді

БӘЙДІБЕК. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы тұрғындарына Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін ендіруді түсіндіру бойынша жиын өтті. Мәжіліске әлеуметтік медицина сақтандыру қоры Түркістан облысы бойынша филиалының басшысы Асхат Бейсенбаев пен Түркістан қалалық емханасының бас дәрігері Жанар Оспанова, аудан басшылығы мен білім беру ұйымдарының басшылары және қызметкерлері, мекеме басшылары қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бәйдібек  ауданының тұрғындарына медициналық сақтандырудың жолдары түсіндірілді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында көрсетілген жаңа сақтандыру жүйесінің ерекшеліктері жиында кеңінен сөз болды. Ақпараттық түсіндіру жөнінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалының басшысы Асхат Бейсенбаев баяндама жасады. Жаңа жүйенің артықшылықтары мен тиімді тұстарын Түркістан қалалық емхананың бас дәрігері Жанар Оспанова кеңінен түсіндіріп өтті. Жиын соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар мен ұсыныстар жолданып, тиісті жауаптар берілді. Сондай-ақ ақпараттық-насихаттық топ аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында болып, ондағы жұртшылыққа да түсіндіру жұмыстарын жүргізді