Бәйгеден республикалық турнир өтеді: Жүлде қоры - 20 млн теңге

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында «Қазанат» ипподромында бәйге түрлері бойынша республикалық турнир өтеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.
None
None

Екі қашықтықта өтетін жарыс бағдарламасына 25 шақырымға шақталған аламан бәйге мен 16 шақырымдық бәйге кіреді. Әр облыстан және Астана мен Алматы қалаларынан екі аттан қатыса алады. Жалпы жүлде қоры Астананың 20 жылдығымен байланыстырылып, 20 млн теңгені құрады. Аламан бәйгенің жеңімпазы 20 мың долларға ие болады.

Жарыстар 6 шілде күні сағат 14.00-де «Қазанат» ипподромында өтеді.

 

Соңғы жаңалықтар