Байкал көлі Арал тағдырын қайталауы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Байкал көлінде экологиялық қауіп төніп отыр және шаралар қолданбаса, кезінде Арал теңізіндей жоғалып кетуі мүмкін, деп жазады ел үкіметі мен жетекші энергетикалық компаниялардағы дереккөздерге сілтеме жасаған «Известия» газеті.
None
None

Моңғолияның Селенга өзенінде (көлге 80 пайызға дейін судың келуін қамтамасыз етеді) және оның тармақтарында үш ірі гидростансаны салу жоспары Байкалдың экологиясына қайта орны толмайтындай зардабын тигізуі мүмкін. Энергетика министрлігінде өткен жабық кеңесте осындай мәліметтер келтірілген.

Соңғы жаңалықтар