Байкал көлінің суынан у табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдар Байкал көлінің суынан у тапты, деп хабарлайды epochtimes.ru-ға сілтемемен www.24.kz.
Сакситоксин деп аталатын бұл зиянды зат ақуыздарға жатпайды. Ғалымдар бұл уды көл түбін мекендейтін омыртқасыз жануарлардан тапқан. Ғылыми атауы "губка" деп аталатын бұл жануарлардан жаңа микроағзалар - цианобактериялар да анықталған. Сакситоксин паралитикалық у болып табылады. Ол бұлшық ет пен жүйке импульстерін сал ауруына ұшыратып, жансыздандырады. Сакситоксин химиялық қару ретінде қолданылуы мүмкін.