Байқампаз оқушы Пентагон басшысынан сұхбат алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық оқушы Тедди Фишер кейбір деректерге ерекше ден қоя отырып, АҚШ қорғаныс министрі Джеймс Мэттисаның қызметтік телефонын біліп алып, одан сұхбат алған, деп жазады ТАСС.
None
None

Фишер Вашингтондағы мектептердің бірінде білім алуда, оны журналистика және сыртқы саясат мәселелері қатты қызықтырады.

Америкалық оқушы The Washington Post  газетінде 11 мамырда жарияланған Джеймс Мэттисаның қағаз папкасын ұстап түскен суретіне ерекше назар аударған. Суретке түсіп қалған қағаздың шетінен АҚШ қорғаныс министрінің аты-жөні мен телефон нөмері жазылып қалғанын байқаған. Бастапқыда оқушы аталған суреттің  электрондық нұсқасын алу үшін газеттің редакциясына хабарласып, нөмерді анық көрген. Сөйтіп ол өзінің ыждағаттылығының арқасында министрден сұхбат ала алған.

Соңғы жаңалықтар