Байқау жеңімпаздарына Mikasa алтын добы мен Сәбина Алтынбекованың қолтаңбасы қойылған доптар беріледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Волейбол федерациясы «Спортты жаздың үздік фотосы» атты байқау жариялады, деп хабарлады ұйымның баспасөз қызметінен.
Хабарламада фотоконкурсқа волейбол жанкүйерлерінің волейболға, жаздағы спорттық оқиғаларға арналған жұмыстары қабылданатыны атап өтілген.
Бірінші кезекте фотожұмыстың ерекше қызықты орындалуы мен сюжетінің шынайы тартымдылығы бағаланады. Үздік фото жиналған дауыс саны (лайк) бойынша таңдалады. Даулы жағдай (дауыс саны тең түскенде) туындаған жағдайда, жеңімпазды әділқазылар алқасы анықтайды.
Байқауға қатысу үшін sk-sport.kz@mail.ru электрондық жәшігіне (қатысушылар) фотосуреттерін жіберу қажет немесе «#МоеСпортивноеЛето» торбелгімен тікелей әлеуметтік желіге орналастыруға болады.
«Спортты жаз» байқауына қатысуға өтінімдерді қабылдау 2014 жылғы 20 тамызда (жергілікті уақыт 22:00-де) аяқталады.
Финалға шыққандардың тізімі 2014 жылғы 25 тамыздан кешіктірмей хабарланып, Facebook, Twitter, Vk.com, instagram әлеуметтік желілері парақтарына жарияланады.
Байқау жеңімпазы «Mikasa» алтын добына ие болады, Facebook, Vk.com және Twitter әлеуметтік желілерінде 1 орын иегерлері Сәбина Алтынбекованың қолтаңбасымен волейбол доптарын алады», - деп атап өтті байқау ұйымдастырушысы.