Байқаушылар Президенттік сайлау бойынша объективті баға беретініне сенімдімін - Елбасы

АСТАНА. 30 наурыз. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Байқаушылар кезектен тыс Президенттік сайлау бойынша объективті баға беретініне сенімдімін.

Байқаушылар Президенттік сайлау бойынша объективті баға беретініне сенімдімін - Елбасы

Бүгін Ақордада бірқатар шет мемлекеттердің Қазақстандағы елшілерінен Сенім грамоталарын қабылдау кезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты.

«Алдағы жексенбіде Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы өтеді. Сайлау барысына 1 мыңнан астам шетелдік байқаушылар қатысады»,-деді Мемлекет басшысы.

«Біз әділ әрі ашық сайлау өткізу үшін барлығын жасаудамыз. Барлық байқаушылар Президенттік сайлау бойынша объективті баға беретініне сенімдімін»,-деп түйіндеді сөзін Н. Назарбаев.