Байкерлер қажылыққа мотоциклмен барды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 12 адамнан тұратын малайзиялық топ қажылық борышын өтеуге мотоциклмен келген, деп жазады e-islam.kz.

Байкерлер қажылыққа мотоциклмен барды

Куала-Лумпурдан шыққан олар 12 елдің шекарасын кесіп өтіп, 53 қалаға тоқтаған. Мәдинада жергілікті малай ұлты өкілдерімен кездескен бүгін Меккені бетке алмақ. Олардың қайтарда қандай көлікке мінетіні белгісіз дейді «Gulf News». Себебі олар өздерінің темір тұлпарларын ұшақ не кемеге ауыстырып, не ауыстырмайтыны туралы мәлімет бермеген. Топ басшысының айтуына қарағанда мотоциклмен саяхат шегу қызықты әрі қауіпсіз болған. Қиындықтар тек өзге ел шекараларынан өтерде орын алған.