Байқоңыр

Байқоңыр
Фото: ҚазАқпарат ХАА

ҚазАқпарат «Тарихи фото» айдарын ұсынады. Бүгін редакция Байқоңыр ғарыш айлағынан ғарыштық экипаждардың ұшырылуы туралы әңгімелейді. 

«Байқоңыр» ғарыш айлағы 1957 жылы Қазақ КСР аумағында салынып, сол уақытта пайдалануға берілді. Сол жылдың 4 қазанында осы жерден Жердің тұңғыш жасанды серігі ұшырылып, 1961 жылы 12 сәуірде Байқоңырдан ғарышқа тұңғыш адам – Юрий Гагарин ұшты. Бұл күн тек посткеңестік республикалар үшін ғана емес, сонымен бірге бүкіл әлем үшін маңызды. Адамзат ғарышты армандап қана қоймай, жұлдыздар мен зерттелмеген әлемге қарай жылжи бастады.

1993 жылғы 25 ақпанда Ғарыштық зерттеулер агенттігі Министрлер кабинетінің жанындағы Ұлттық аэроғарыш агенттігі болып қайта құрылды. Оның директоры болып қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров тағайындалды. Сондай-ақ Байқоңырда қазақстандық ғалым Мейірбек Молдабековтің жетекшілігімен «Байқоңыр ғарыш айлағы» ҰАҒА басқармасы құрылды.

Қазақстан өзінің ғарыштық зерттеулерін жалғастыру мүмкіндігін алып, сондай-ақ өзінің ғарышкерлері – ғарышта тұңғыш ұлттық ғылыми бағдарламаны аяқтаған Тоқтар Әубәкіров пен ғарышқа үш рет ұшып, сол кезде рекордсмен атанған Талғат Мұсабаевқа ұшу мүмкіндігін берді. Ол экипаж капитаны ретінде орбитада 200 тәуліктен астам астам уақыт өткізіп, сонымен қатар бірнеше тәжірибені сәтті аяқтады.

Соңғы жаңалықтар