Байқоңыр ғарыш айлағынан «Дабл Ю 7» ғарыш аппараты бар «Протон М» зымырантасымалдағышы ұшырылды

sp;АСТАНА. Қарашаның 25-і. ҚазАқпарат - Кеше, сағат 20.19-да Байқоңыр ғарыш айлағынан «Дабл Ю 7» ғарыш аппараты бар «Протон М» зымырантасымалдағышы ұшырылды,

Байқоңыр ғарыш айлағынан «Дабл Ю 7» ғарыш аппараты бар «Протон М» зымырантасымалдағышы ұшырылды

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

ТЖМ-ның хабарлауынша, оның ұшырылуы штаттық бағдарламаға сәйкес өтті. Ұшыруға байланысты болуы мүмкін зардаптарды жою үшін, сағат 18.19-дан 21.19-ға дейін апаттық-құтқару күштері мен ҚР ТЖМ-ның Қызылорда, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша департаменттерінің құрылымдары жоғары дайындық кезеңінде болды.