«Байқоңыр» ғарыш айлағынан екі зымырантасымалдағыш ұшырылды

АСТАНА.  Қыркүйектің  18-і.  ҚазАқпарат  - Бейсенбі  және жұма күндері «Байқоңыр»  ғарыш айлағынан  ғарыш аппаратымен  екі зымырантасымалдағыш   ұшырылды, 

«Байқоңыр» ғарыш  айлағынан  екі зымырантасымалдағыш ұшырылды

деп  хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар  министрлігінің баспасөз қызметінен.

Кеше  астана уақыты  бойынша   21.55-те  «Союз-2.1б»  зымырантасымалдағышымен   «Метеор-М»   ғарыш аппараты    ұшырылды.  Төтенше жағдайлар  министрлігінен  хабарлағандай,    ұшу сапарымен байланысты   ықтимал  салдарларды  жою   үшін,   сағат 19.55 пен   22.55-тің  аралығында   Қызылорда,  Қарағанды,   Қостанай  және  Ақтөбе  облыстарының  төтенше жағдайлар   жөніндегі департаменттерінің апаттық-құтқару күштері мен   техникалары     жоғары  дайындық  режимінде  жұмыс істеді.

Оған қоса,  бүгін сағат  1.00-де  ғарыш айлағынан   «Протон-М» зымырантасымалдағышымен    «Нимик-5» ғарыш аппараты  ұшырылды.  Бұл жолы  Павлодар, Шығыс Қазақстан  облыстарының  төтенше жағдайлар    департаменттерінің  құтқарушылары     Қызылорда  және  Қарағанды  облыстарының  департаменттерімен бірлесіп,  сағат 23.19 бен  02.19-дың аралығында    жоғары  дайындық режимінде  болды.

Екі  зымыранның  ұшырылуы штаттық  бағдарлама  бойынша  өтті.