«Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Глонасс-М» ғарыш аппараты бар №44-ші «Протон-М» ғарыш зымыраны ұшырылды

АСТАНА. 5 қараша. ҚазАқпарат - Кеше «Байқоңыр» ғарыш айлағынан Астана уақытымен 18 сағат 55 минутта «Глонасс-М» ғарыш аппараты бар №44-ші «Протон-М» ғарыш зымыраны ұшырылды,

«Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Глонасс-М» ғарыш аппараты бар №44-ші «Протон-М» ғарыш зымыраны ұшырылды

деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Ведомствоның атап өутінше, зымыранды ұшыру штаттық бағдарлама бойынша жүзеге асырылды. Ұшыру сапарымен байланысты мүмкін болатын салдарларды жою үшін кеше сағат 16:52-ден 19:52-ге дейін ҚР ТЖМ-нің Қарағанды, Қызылрорда, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменттерінің апаттық- құтқару күштері құралдары жоғары дайындық режімінде жұмыс істеді.