Байқоңыр ғарыш айлағынан халықаралық экипажбен «Союз ТМА-11» ғарыш кемесі ұшырылды

БАЙҚОҢЫР. 7 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Астана уақыты бойынша таңғы сағат 10:14 минут 15 секундта Байқоңыр ғарыш айлағының Гагарин алаңынан ұшқыш басқаратын «Союз ТМА-11М» кемесімен «Союз ФГ» зымыраны ұшырылды.
None
None

Халықаралық ғарыш стансасына құрамында «Союз ТМА-11М» командирі Михаил Тюрин, «Союз ТМА-11М» бортының инженері Рика Мастраккио мен «Союз ТМА-11 М» 2 кемесінің борт инженері Коичи Ваката бар ғарышкерлер мен астронавтардан тұратын экипаж аттанды.

ХҒС-ға аттанған бұл тәжірибелі экипаждың стансадағы негізгі жұмыс бағдарламасынан басқа орбитаға олимпиада алауы бар капсуланы жеткізу міндеті тұр.

Роскомостың баспасөз қызметінен хабарлағандай, ұшқыш басқаратын «Союз ТМА-11 М» кемесі штатты режімде ұшырылды.

«Союз ТМА-11 М» кемесінің Халықаралық ғарыш стансасымен жақындасып, түйісуі кеменің қозғалтқышының жұмысына байланысты болады.

Экспедициялаушы 38/39-шы экипаж ХҒС-ға алты сағаттан кейін, яғни Астана уақыты бойынша 16:31-де жетеді деп болжануда.

Соңғы жаңалықтар